Облыстық ТЖД қызметкерлері кеше қар құрсауында қалған 55 адамды құтқарды. Оның 15 і бала. Оқиға Кербұлақ ауданындағы «Сарыөзек-Қоғалы» автожолында болды. Бет қаратпайтын күшті жел салдарынан 22 автокөлік діттеген жеріне жете алмай тұрып қалған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілінің айтуынша осы төтенше жағдай жайлы 112 нөміріне бір уақытта бірнеше телефон қоңырауы түскен. Оқиға орнына департаменті мен жолға жауапты сала қызметкерлері көп күттірмей жетіпті. Олар бара сала шұғыл іске кіріскен. Яғни барлық көлікті қардан аршып, күре жолдың тазартылған бөлігіне шығарған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз