Былтыр Текелі қаласындағы тау-кен өңдеу кешенінен 12 325 тонна шойын алынды. Қысқа мерзімдегі қомақты көрсеткіш, өз жемісін берді. Нәтижесінде кенішті комбинатты қосқанда қалашық кәсіпорындарынан 19 млрд-тан аса теңгенің өнімі өндірілді. 2,7 млрд теңге салық жиналды. Ендеше өндірісті шаһардың өзегіне айналған шойын кәсіпорыны жайлы келесі бейнесюжетте. Текелі тау-кен өңдеу кешені 2017 жылы индустрияландыру күнінде ашылған. Кәсіпорынның құрылуымен 930 адам жұмысқа тұрды. Қалада жұмыссыздық қысқарып, мыңға тарта отбасы тұрмысын түзеді. Ал, былтыр осы зауыт шойын өндіріп, жыл соңында «Бизнес Кемелділік» халықаралық сыйлығының иегері атанды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз