Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жаңа бастық тағайындалды. Бұл қызметті енді өртке қарсы қызмет полковнигі Ерлан Нұрпейісов атқармақ. Басшыны бүгін аппарат жиналысында облыс әкімі Амандық Баталов таныстырды. Ол өзінің еңбек жолын 1989-шы жылы бастаған. Артынша, әр жылдарда лауазымды қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары болды. Бір жылдан кейін осы өңірде өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің филиалын басқарды. Ал, 2012 жылдан бері Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып келді. Атқарған еңбегіне қарай, I, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен және ІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Облыс әкімі жаңа басшының іскер әрі тәжірибелі азамат екенін атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз