Ескелді ауданында көлік ұрлаған азамат қылмыс үстінде ұсталды. Осыдан бірнеше күн бұрын Қарабұлақ кентінде BMW-528 маркалы көлікті дүкендердің жанынан белгісіз біреу мініп кеткен. Иесі бірден полиция хабарласыпты. Тәртіп сақшылары аудан орталығындағы видеокамераның көмегімен қолды болған көліктің бағытын анықтап, күдіктіні тұтқындау үшін»құрықтау» жоспарын енгізген. Ол бастапқыда темір тұлпармен жүйітки жүріп қашып құтылмақ болған. Сосын көлікті тастап, бас сауғалапты. Операция нәтижесінде 23 жастағы Талдықорған тұрғыны тұтқындалды. ІІД қызметкерлері оның бұрын да істі болғанын анықтаған. Айта кетейік, 2018 жылы облыста 220 ұрланған автокөлік полициялардың көмегімен иесіне қайтарылды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз