Елбасы Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөнінде мәлімдеме жасады. Естеңізге сала кетсек, алтыншы қаңтарда тікелей президент тапсырмасымен құқық қорғау органдары және Сыртқы істер министрлігі Сирияда гуманитарлық шара жүргізген болатын. Нәтижесінде, 47 қазақстандық елге қайтарылды. Оның 30-ы жас жеткіншек. Отандастарымыз қан төгіс белең алған өзге мемлекетке алданып барып, террористердің тұтқынында болған. Нұрсұлтан Назарбаев зардап шеккен бұл азаматтардың барлығына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді. Ауыр жағдайды бастан кешкен азаматтар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, олар медициналық тексерістен өтеді. Сонымен қатар, Елбасы үндеуінде қақтығыс аймағында қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасатынын мәлімдеді.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз