Панфилов ауданының Жаркент қаласында жекеменшік балабақша өртеніп, 59 бүлдіршіннің өміріне қауіп төнді. Абырой болғанда мекемедегі 20 шақты маман тәрбиеленушілерді қауіпсіз аймаққа шығарып үлгерген. Әрі дер кезінде жергілікті төтенше жағдайлар бөліміне хабар беріпті. Өрт сөндірушілердің мәліметінше 7 адамнан тұратын жеке құрам оқиға орнына 5 минутта жеткен. Қос техниканың көмегімен жарты сағат ішінде қызыл жалынды ауыздықтаған екен. Бір сағаттта отты толықтай сөндіріпті. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, өрттің неден шыққандығы анықталып жатыр. Белгілісі балабақша шатырының 40 шаршы метрі жанып кеткен.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз