Із-түссіз жоғалып кеткен Талдықорғандық студенттер Шымкент қаласынан табылды. Қалалық полиция қызметкерлерінің айтуынша, балалардың жоғалған туралы ақпарат қаңтар айының басында келіп түскен. Яғни, төрт баланың ата-анасы полицейлердің көмегіне жүгінеді. Іздестіру барысында олардың орналасқан жері анықталып, бірден Талдықорғанға жеткізілді. Жағдайдың мән-жайын анықтау кезінде кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер қылмыс жасап қашып кеткені анықталды. Яғни, олардың төрттеуі де ұрлыққа қатысы бар болып шыққан. Нақтырақ айтсақ, күдіктілер 3 автокөліктің қосалқы бөлшектерін қолды қылған және 2 автокөлікті айдап әкеткен. Қазір осы іске байланысты сотқа дейін тергеу амалдары жүріп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз