Мексиканың Идальго штатындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 91-ге жетті. Бұған дейін 85 адамның көз жұмғаны айтылған болатын. Қазіргі таңда жарақат алған 50 адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Айта кетейік, Мексикада тұрғындар жанармай құбырынан шикізат ұрлап жатқанда жарылыс болып, өрт шыққан еді. Әзірге қайғылы жағдайға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз