100 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен жуырда ғана облыста 5 адам қамауға алынған болатын. Енді міне, тағы 1 барымташы қолға түсті. ВИДЕО: Ол Іле ауданына қарасты Қарой ауылынан бір үйірді бір-ақ айдап әкеткен екен. Жалпы соммасы 3 млн 250 мың теңге болатын 13 бас жылқысынан айырылған шаруа полицияға арызданған. Соның негізінде қылмыстық іс қозғалып, тәртіп сақшылары жедел іздестіруге кірісті. Нәтижесінде көп ұзамай күдікті ұсталды. Жылқылар болса, аудан шекарасындағы иесіз қалған ескі қостардың бірінен табылып отыр. Қазір құрықталған 47 жастағы азаматтың басқа да мал ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз