Оқыс соққы оңдырмады. Ашу үстінде Талғар ауданының 50 жастағы тұрғыны танысын өлтіріп қойды. Тәртіп сақшылары анықтағанындай, төбелес болмашы кикілжіңнен туған. Қайғылы оқиға Тұздыбастау ауылында болған. Екі тұрғын керісіп қалып, қызды-қыздымен бір-бірінің жағасына жармасады. Бірі бой бермей, қайта-қайта жұдырық жұмсайды. Істің насырға шауып бара жатқанын байқаған қарсыласы оны тойтармақ болады. Осы сәтті оған тағы бірнеше адам жабыла кетіп, төбелес болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз