Жастар жылында Жетісулық жастарға сый көп. Бірі — аймақтың аудан -қалаларында жастарға қызмет көрсету орталықтары салынбақ. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың жастармен кездесуіне айтылған еді. Сарқандық жастар өздеріне лайықты ғимарат тауып та үлгеріпті. Таңдаулары — тоқырау жылдарынан бері бос тұрған бұрынғы «Пионерлер үйі». Екі қабатты ғимарат жақсы сақталыпты. Күрделі жөндеуден өткізіп берсе,-дейді Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Көбентаев. Ұсыныстарын кеше Сарқанға жұмыс сапарымен барған Ақан Әбдуәлиевке айтты, нысанды көрсетті. Артынша,облыс әкімінің орынбасары аудан әкімі Марат Разбековтың есептік жиынына қатысты.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз