Заңсыз жолаушы тасымалына жол жоқ! Енді такси қызметтері салық заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Бұл талап жолаушы тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілеріне түсіндіріліп жатыр. Талдықорған қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері азаматтарға қызметтерін рәсімдеу жолдарын айтып берді. Ереже бойынша нәпақасын жолдан тауып жүрген көлік иелері мекемеге барып тегін тіркеле алады. Мәселен, өткен жылы қалада 130дай адам заңды қызметін рәсімдеген. Ал, 20-дан аса азамат заңсыз тасымалмен айналысқаны үшін 36 000теңге шамасында айыппұл төлеген.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз