Елбасы өрттен қаза болған балалардың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтып жеделхат жолдады. Хатта Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғылы оқиға туралы айтып, осыған байланысты Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын жазған. Әрі барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту, тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атаған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз