Ұлт пен ұлысты ұйыстырған Қазақстан Республикасы жайлы тағы бір кітап жарық көрді. «Бірлігіміз жарасқан» деп аталатын жаңа жинақтың бүгін тұсаукесері өтті. Шараға облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты. Тың туындыда осы ұйымның 100ден аса өкілінің еңбектері топтастырылған. Олардың өмірбаяны, ой-толғамдары бар. Сонымен қатар, Жетісу жерін мекен етіп жатқан 20-дан аса этностың тарихын танып білуге болады. Жалпы, жинақ достық үйі мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен жарық көріп отыр. Мұндағы мақсаты кең байтақ қазақ жерінде бір үйдің баласындай тіршілік кешіп жатқан халықтар достығын дәріптеу. Бірлігін нығайту.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз