Енді ЖМУ-нің студенттері мен оқытушылар латын әліпбиін тегін үйрене алады. Мұндай игі бастаманы білім ордасының қызметкерлері Облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп қолға алды. Білім ошағында «Латын Негізді ұлттық әліпби» кабинеті ашылды. Онда азаматтарға жаңа әліпби тізбегіндегі әріптерді үйретіп, әдістемелік көмектер көрсетеді. Аталмыш шараның ашылу салтанатына облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, ҚХА төрағасының орынбасары мен білім ордасының ректоры мен қызметкерлері қатысты. «Жаңа жазу — жаңа білім — жаңа таным» атты семинарға қатысушылар латын әліпбиіндегі әріптерді жазу, қолдану үрдісі туралы ойларын ортаға салды. Жалпы, кабинетте ұлттық әліпби, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өткізілмек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз