Талдықорғанда «Татуластыру орталығы» жұмыс істей бастады. Оған отбасылық немесе жұмыс барысында ренжісіп қалған азаматтар жүгіне алады. Игі бастама «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты қанатқақты жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Облыстық Нұр партиясындағы орталық аптасына 2 рет тұрғындарды қабылдайды. Ондағы кәсіби медиаторлар қос тарапқа бірдей көңіл бөліп, құқық бұзушылыққа жол бермейді. Сонымен қатар, адамдар арасындағы ақпараттың құпиялығы сақталады, — дейді партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева. Айта кетсек, облыста 24 кәсіби, 272 кәсіби емес медиатор жұмыс жасайды.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз