Кеше кешкі 9дар шамасында Талдықорған қаласындағы жер үйлердің бірі өртеніп, 1 адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, өрт үйдің шатырынан шыққан. Оқиға орнына дер кезінде жеткен төтенше жағдай қызметкерлері қызыл жалынды ауыздықтап, жарты сағатта сөндіріп үлгерген. Онымен қоса, отқа оранған үйден бір адамды алып шыққан. Денесін күйік шалған ер азамат дереу қалалық ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, оқиға орнына, Облыстық ТЖД-нің 14 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз