Жетісулықтар наурыз тойын тойлауды бастап кетті. Еліміздің батыс өңірінен бастау алған көрісу күнін облыс жұрты да кеңінен атап өтті. Әр жерде ұйымдастырылған мерекелік шараларда тұрғындар төс қағыстырып көрісіп, бір-біріне ақ тілек айтты. Ал Бикен Римова атындағы драма театры салт-дәстүрден көрініс қойып, ұлттық мерекенің сәнін тіптен асырды. Думанды тамашалауға келген көпшілік наурыз көжеден дәм татты.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз