Қар көбесі сөгіле, көк біткеннің алды болып, жер бетіне шығатын бұл — бәйшешек гүлі. Яғни көктемнің жаршысы. Суық пен тоңды тойтарып, тіршілікке тырмыса ұмтылған, үміт гүлі. Бүгінде ғылымға белгілі 18 түрі мен 2 будан бар. Қазақ даласында, соның ішінде Жетісу өлкесінде Корольков пен Алатау бәйшешегі атты 2 түрі өседі. Алайда жылдан-жылға жұлу, сатылу жиілеп, тұқымы азайып кетті. Сол себепті 2006 жылдан бұл екі түр қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілді. Жұлған заңмен қудаланады. Қылмыстық Кодекстің 290-бабына сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленеді, -дейді тәртіп сақшылары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз