Ғашықтар күніне тарту. Бүгін Талдықорғанда «Қозы-Көрпеш пен Баян сұлу» күніне орай, Журналистер үй жанында кіші сәулеттік нысан орнатылды. Туынды «Менің Отбасым» деп аталады. Мұндағы әр бөлшектің өзіндік мәні бар. Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Сондықтан мұнда отанасы мен отағасы бір шаңырақты көтеріп тұрғаны бейнеленген. Әрі жүрек, Жетісу мен Эйфель мұнарасының шағын үлгісі де көрініс тапқан. Айта кетейік, бұл жоба облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен іске асты.

Сайт редакторы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз