«Әлеуметтік жауапкершілік — әл-ауқаты төмендерге тірек». Жетісулық бизнес қауымдастық, кәсіподақ өкілдері және аудан-қала әкімдерімен кездескен вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова осылай деді. Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекет қолдауының арқасында дамып отырғандығын ашық айтты. Енді, сала өкілдері қарапайым халықтың жағдайына қарайласуы қажет. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын қызу қолдап, әсіресе, көпбалалы отбастарына жан-жақты көмек көрсетуге шақырды. Кездесу Талдықорғанда жаңа ашылған, экспорттық әлеуетті бар кәсіпорындардың бірі — «Инфраэнерго» серіктестігінің өндірістік базасында өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз