Алматы облысында Ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасында тұңғыш Азия Чемпионаты басталды. 1 аптаға созылатын байрақты бәсекеде Азияның 10-ға жуық елінің жастар құрамасы бақ сынайды. Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған жарыс ұлттық ат спортының 4 түрі бойынша өтеді. Айта кету керек, шара жастар жылына орайластырылып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз