Талдықорғанда жолаушы тасымалдайтын автобустардың бірі өртке оранды.Оқиға түскі сағат 12-лер шамасында болған. №25 бағытта жүріп бара жатқан автобус аяқ астынан түтіндей бастаған. Ішінде сол кезде 10 жолаушы болған екен. Олар көліктен өздігінен сыртқа шығып үлгеріпті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өртке автобус қозғалтқышындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, — дейді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз