Биыл аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жастардың өз ісін бастап, кәсіп ашуына мүмкіндік беріліп отыр. Осы ретте, «Еңбек» шағын несие беру бағдарламасын жүзеге асыруға 11 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді. Ол бизнес-жобасы бар азаматтарға қайтарымсыз негізде, яғни, грант ретінде беріледі. Жобаның жай-жапсары өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Мамандар мәліметінше, 660 гранттың 160-сы тұрмысы төмен жанұяларға бөлінсе, қалғаны жастар ісін қолдауға беріледі. Жалпы, жоба егер сәтімен жүзеге асса, облыс бойынша, 20 мыңдай адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз