Қасиетті Рамазан айында орталық «Иман» мешітінде алғаш рет 1жарым мың адамға арнап ауызашар берілді. Мұндай игі бастамаға облыс әкімі мұрындық болды.Осынау ұлық мерекеде ораза тұтқан жандарға ауызашар беру қай-қай мұсылманға да сауапты іс. Сондықтан, жыл сайын орталық мешітте дәстүрлі түрде дастархан жайылады. Бұл үрдіс биыл кең көлемде жалғасын тауып отыр. Ауызашарға бүкіл ораза тұтқан жетісулық жамағат шақыртылды. Көпшілік дастарханнан дәм татып, дін өкілдерінің уағызын тыңдады. Имамдар қасиетті айдың қадір қасиетін түсіндіріп, оразаның пайдасы мен берілетін пітір-садақа, қайырымдылық шаралары жайлы кеңінен әңгімеледі. Айта кетейік, биыл ораза 30 күнге жалғасып, 4-ші маусымда аяқталады. Артынша, барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке Ораза айты басталмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз