Рамазан — игі істерді мейлінше көптеп жасайтын ай. Себебі, бұл кезде жасалған әрбір игі іс үшін берілер сауап та көлкөсір. Талдықорғанда Ауған соғысының ардагерлері мүмкіндігі шектеулі азаматшаға бір айлық азық-түлігін алып беріп, қайырымдылық жасады. Толқын Бектұрғанова 2007 жылы қант диабеті дертіне шалдыққан. 5 жылдан соң ауруы асқынып, екі аяғы істемей қалады. Қозғалысы қиындап, арбаға таңылады. Қазіргі таңда жалғыз қызынан тараған жиенімен пәтер жалдап, күн көріп отыр. Бектұрғанованың қалын сұрай келген майдангерлер, жазда отын-суына, қыста көмір алуына жәрдемдесуге уәде берді. Ал, қайырымды жандардан қайырым көрген қала тұрғыны, жомарт жандарға алғысын айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз