Облыста көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Биыл аймақта 600-ден аса тұрмысы төмен жанұяларды баспанамен қамту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, тұрғын үйлерді газға қосу, балаларға ЖОО-ында тегін грант беру, жұмыспен қамту қарастырылған. Өңірде әлеуметтік жол картасының жүзеге асырылу барысын бүгін облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев таныстырды. Аймақтық БАҚ өкілдерімен кездесіп, бастаманың қалай жүзеге асып жатқанын айтып берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз