Биыл Алматы облысында 30-дан аса білім ошағы қайта жаңартудан өтеді. Оған жергілікті бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, жергілікті билік 100 көпбалалы отбасынан шыққан жеткіншекті жазғы демалыспен қамтамасыз етпек. Алдағы маусымдық жұмыстардың атқарылу барысын бүгін облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев тыңдады. Сала жетекшісі аудан, қала басшыларымен селекторлық жиын өткізіп, жауаптыларға бірнеше тапсырма жүктеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз