Өңірде бас бостандығынан айырылған азаматтарды еңбекпен қамту жұмыстары кенжелеп тұр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 65 пайыз болса, биыл біршама төмендеген. Жыл басынан бері жалпы 520-дан аса адам жұмысқа орналасуға өтініш беріпті. Нәтижесінде 59-ы қоғамдық шаруаларға, 33-і кәсіптік оқуға жіберілген. Және тағы бір адам, әлеуметтік жобалар негізінде мемлекеттік грантқа ие болды. Қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Десе де, бұл бағыттағы бастамалар аудан-қалаларда әлі де баяу. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов жауаптылармен кездесіп атқарылған жұмыстарды тыңдады. Аудан әкімдеріне ескерту айтып, сылбырлықтарын сынға алды. Сотталған азаматтарды еңбекпен қамту ісінде төмен көрсеткіш көрсеткен Іле ауданына қатаң ескерту айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз