Үкіметтің онлайн отырысында қызметіне жаңа кіріскен министрлер таныстырылды. Жиында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев,сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловалар ел заңдарын қатаң ұстанып, халыққа қалтқысыз қызмет етуге ант берді. Артынша, Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен МӘМС пен ҰБТ мәселелері талқыланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз