«Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір отбасына үй сыйлады. Бұл жолы 114-ші баспананың кілті Көксу ауданында тұратын көпбалалы отбасына табыс етілді. Сондай-ақ, бұл күні қордың ұйытқы болуымен «Армандар орындалады» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Онда облыстық Сүйінбай атындағы филормония мен Талдықорған әуендері ансамблінің әнші-бишілері өнер көрсетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз