Жылыту маусымына бір айдан аса уақыт қалды. Осыған байланысты облыста жылыту қазандықтары тиісті жөндеуден өтіп, өңірімізге қажетті отын жеткізіліп жатыр. Десекте тұрғындардың көмірмен қамтамасыз етілуі әзірге 42 пайыз болып тұр. Бұл туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы мәлімдеді. Бағлан Тәнекеновтің ақпарынша, ең төменгі көрсеткіш Талғар, Қапшағай, Кеген, Іле, Сарқан, Қаратал ауданы мен Талдықорғанда байқалады. Мұны облыс әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров сынға алды. Ол өңірдегі жылыту маусымына дайындықты пысықтап, әлі де атқарылмай жатқан жұмыстарға қатысты басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне ескерту жасады. Халықпен түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды. Мұнан бөлек, жауаптыларға қатты және сұйық отындардың уақытылы тасымалдануы мен бағасының тұрақты болуын қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз