Талдықорған қаласының полицейлері оқушы муляжын қиратқан бұзақыны ұстады. Тапа тал түсте сұлбаны сындырған — 26 жастағы азамат болып шықты. Жалпы қасақана әрекет №25 орта мектепке қарама-қарсы Сыртанов көшесінің бойында болған. Шаһарда жүргізушілердің жылдамдығын азайтып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жиегіне муляж қойылған-тын. Оны 26 жастағы қала тұрғыны көлікпен мектептің қасынан өтіп бара жатып, тепкілеп сындырған. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Күдікті қазір қолымен істегенді мойындап отыр. Айтуынша, ол достарымен бірге арақ ішіп, не істеп, не қойғанын білмей қалған. Аталған факті қалалық ішкі істер бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркелді. Қазір осы іске қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз