Ойланбай опық жеді. Жетісулық жеке кәсіпкер Қырғызстандық темекі өнімдерін заңсыз сатпақ болған. 151 қорап темекінің акциздік маркалары жоқ. Заңсыз сауда-саттықты 28-ші тамызда, Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары анықтады. Арнайы рейд барысында олар, сауда нүктелерінің бірінен «FAST», «PRESTIGE», «MOND» маркалы өнімдерді байқаған. Тексере келгенде, 3020 дана темекінің сатылымға шығаруға тиісті рұқсаты жоқтығы анықталған. Енді заң талаптарын бұзған саудагер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз