Жарықсыз 3 жыл. Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында бірнеше отбасы осынша уақыт электр қуатынсыз өмір сүрген. Неліктен? Себебі елді-мекенде 320 үйдің құрылысына 80 гектар жер бөлініпті. Олардың 150-і толық аяқталған. Тұрғындардың алды жаңа баспаналарына кіріп те үлгерген. Алайда, ауылға қажет барлық инфрақұрылым тартылғанымен, 1 трансформатор жеткіліксіз болыпты. Нақтырақ айтсақ, орнатылған 9 электр құрылғының біреуі жоғалып кеткен. Сөйтсе ол, аудан басшылығының тапсырмасымен заңсыз орнынан алынып, «патайя» жылыжайының иелеріне берілген. Сондықтан бүкіл көше бірнеше жыл жарықсыз қалған. Тығырыққа тірелген тұрғындар электр қуатына қосылудың балама көздерін іздеуге мәжбүр болыпты. Осыған байланысты аудан әкімідігіне үй иелері бірнеше шағым түсірген. Іс Алматы облыстық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз