Аймақтардың инвестициялық тартымдылығымен танысып жүр.  Талдықорғанға «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілі Болатбек Қуандықов келіп қайтты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесіп, аймақтың әлеуметтік -экономикалық ахуалына қанықты. Инвестициялық мүмкіндіктерін саралады.
Әкімдік пен қаржы орталығының өзара ынтымақтастығы жөнінде сөйлесті. Айта кетелік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Елбасының бастамасымен 2018 жылы құрылған. Мақсаты — Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегіне айналу. Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы хабы ролін атқару. Ел қазынасын еселеу. Орталық әлемдік қаржы орталықтарының ең үздік тәжірибелерін негізге ала отырып жұмыс жасайды. Бүгінге қаржылық институт халықаралық деңгейде 100 ірі компаниямен әріптестік орнату үстінде. Діттегені — 2030 жылға дейін елімізге 30 млрд доллар инвестиция кіргізу. Басымды бір бағыты — ел аймақтарына инвестиция тарту, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға көмектесу. Осы мақсатта орталық басшылығы облыс әкімдерімен тығыз байланыс орната бастады. Алғашқы ресми кездесуді Алматы облысынан бастапты. Түптеп келгенде, қаржы орталығы басты пилоттық жобаларын дамуы қарқынды дәл осы облыстан бастағылары бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз