Талғамсыз,сапасыз жобаларға жол жоқ.  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласына қатысты бірді- екілі жобаны жарамсыз деп жоққа шығарды.Әкім қаладағы әрбір құрылыс нысанын жүрегімен таңдап, жіті талдап, талғап барып салғызып жүргенін айтты. Сәулеттік — техникалық кеңестің кезекті басқосуында Амандық Ғаббасұлының назарына облыс аумағында 2020 жылға дейін салынатын құрылыс нысандарының кескін-нобайлары, жоба- жоспарлары ұсынылды. Айта кетелік, Алматы облысында құрылыс қарқынды. Тек биыл салаға 101,3 млрд теңге бөлінген. Мемлекет қаражатына тұрғын-үй құрылысы, білім-денсаулық,мәдениет,спорт салаларында жаңа ғимараттар салынбақ. Әкім әрбірін жіті қарады. Қасбеттеріне, абаттандырылу деңгейіне, сәулеттік шешімдеріне түзетілер мен толықтырулар енгізді. Аса мұқият талқылағанының бірі — » «Шайқорған», «Қызыл тас», «Үйтас» саяжайларындағы орталық көшелер және Қаратал өзенінде салынар 2 көпір құрылысы. Аталған жұмыстарды шұғыл қолға алуға облыс әкімі саяжай тұрғындарымен кездесу барысында уәде еткені мәлім. Коттедж қалашығы да тікелей бақылауында. Мұнда қазір жалпы аумағы 14 мың шаршы метрге жуық, 155 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз