Дүниежүзілік туризм күніне орай Ескелді ауданында облыстық туристік слет өтіп жатыр. 4 күндік шара ішкі туризмді өркендетуге, өскелең буынның салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру. Ең бастысы, туристік спортты дамыту. Жарысқа 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен бозбалалар қатысты. Жарысқа 7 аудан-қаладан барлығы 18 команда келді. Топ мүшелерінің саны 8 адамға дейін. Олар жарыстың алғашқы күні командалық емес, жеке дара сайысқа түсті. Шарт — әр қатысушы жасанды кедергілерден өтіп, шапшаңдығы мен ширақтығын көрсетулері тиіс.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз