Алматы облысының инвестициялық потенциалы зор. Жоспарлары ауқымды. Жұмыс жасаңыздар, Амандық Ғаббасұлы! Біз жан-жақты қолдаймыз! Үкіметтік селектор барысында аймақтар әкімдерінің инвестиция тарту бойынша есептерін тыңдаған Премьер-Министр облыс әкіміне осындай пәрмен берді. Жетісулықтар жетістіктерін өзге облыстар әкімдеріне үлгі етті. Бұл да болса, Алматы облысында инвестиция саласында атқарылған салмақты істер нәтижесі. Саралай отырыңыздар, аймақтың инвестициялық портфелінде 388 жоба бар. Ортақ құны -5,5 трлн теңге. 39 мың жұмыс орыны құрылады. Оның 263 жобасы бүгінде жүзеге асырыла бастады. 41 -і биыл қолданысқа беріледі. Ол-ол ма, Алматы облысы ұлттық экономика министрлігімен бірлесе, 2025 жылға дейін аймақтың инвестициялық түсімін 2025 жылға дейін 827 млрд теңгеге жеткізу жөнінде қысқамерзімді жоспар жасап қойыпты. Соңғы 3 жылда өңірге жылма-жыл 500 млрд теңгеден инвестиция түсіп отырды. Биыл бұл сома 624 млрд теңгеге жетеді деген болжам бар. Трансұлттық компаниялар қатысуымен республикада қолға алынған 19 жобаның 9 -ы Алматы облысында. Оның екеуі ел игілігіне өтті, тағы 2і таяуда іске асады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Сіздің есіміңіз