112 ден келген СМС хабарламаларды қаперіңізден шығармаңыз. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары 4 қаңтардан 5 не қараған түні 12 адамды қар құрсауынан алып шықты. Құтқару жұмыстары өңірдің 3 аумағында тіркелген. Ең қиыны республикалық маңызы бар Үшарал-Достық жолының 95 шақырымында, яғни Ырғайты учаскесінде болған. Құтқарушылар келіп түскен хабарламадан кейін аталған учаскеге шыққан.