Індеттің таралуы бәсеңдеді деп арқаны кеңге салмаңыз! Талдықорғанда бүгіннен бастап шектеу шаралары қатаңдатылды. Қалада қоғамдық қызмет көрсету нысандары уақытша жұмысын тоқтатты. Демалыс күндеріне локдаун режимі енгізілді. Осы және өзгеде өзгерістерге толы жаңа қаулы ЖЕТІСУ МЕДИА ақпараттық алаңында таныстырылды.