Тәуелсіздік күні облыс орталығындағы перзентханада 10 бала дүниеге келді. Оның 8 ұл, 2-уі қыз. Денсаулықтары да жақсы. Осы орайда аналарды құттықтап облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы арнайы барды. Сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.