Туған жерге тарту. Сарқан ауданындағы Кәкімжан Қазыбаев ауылының азаматтары бірлігінің бекемдігін көрсетті. Ауыл тұрғындары өз қаражаттарына туған ауылдарына 50 балаға шақталған жаңа бастауыш мектеп салып берді. Білім ордасы Тәуелсіздік мерекесі күні ауыл тұрғындарына тарту етілді.