«Үміт бесігі». Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында осындай атаумен тастанды балаларды қабылдайтын құпия орын ашылды. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған, ойнап жүріп от басқан қыз- келіншектерге арналған. Әлеуметтік жоба. Идея — қоғам және медицина белсенділерінікі. Тосын шешім мәжбүрліктен туындапты. Жаңа туған нәрестелерін қоқысқа тастап кететіндер көбейген. «Қайырсыздардан не қайыр? Одан да «Үміт бесігіне» қалдырғандары жөн», — деген ұйғарым жасапты. Абзалы — бала амандығы…