Кербұлақ ауданына жаңа әкім келді. Бүгін облыс әкімі аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Жаңа басшы лауазымына кандидатты ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. ҚР Президент әкімшілігімен келісе отырып, облыс әкімі өкімімен бұл қызметке Ғалиасқар Сарыбаев тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Маххабат Бигелдиев атқарған. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.