"Әр шырқайық!" - 1 жыл.

14 марта 2017
(3 голосов)

"Жетісу" телеарнасындағы "Әр шырқайық!" бағдарламасына 1 жыл толды. Жоба авторы Серік Әбікенұлы Сарыбаевтың ұсынысымен, шығармашылық ұжым жылдық жұмыстарын  І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында қорытындылады. Қайырымдылық кеш ретінде өткізіп, концерттен түскен қаражатты көп көмегіне мұқтаж Талдықорғандық 2 отбасына берді.

  "Ән шырқайық! Серік Әбікенұлы Сарыбаевтың көп игі жобаларының бірі. Идея иесі көрерменге "Жетісу" телеарнасындағы "Тіл сақшы", "Болмыс","Тұжырым" хабарларынының авторы ретінде жақсы таныс. Ерекшелігі, жобаларының жұртқа көмегі көп. Әрі өзара байланыста. Мәселен, тап осы "Ән шырқайық!" бағдарламасының 1 жылдық концертін ол "Болмыс" ток шоуына қатысқан 2 отбасына көмек беру мақсатында ұйымдастырыпты. Билеттен түскен қаржы кеш басында қолма -қол, науқас балалары бар Талдықорғандық қос анаға тапсырылды.

 "Ән шырқайық" халық асыға күтер бағдарламаға айналған. Өзге тележобалардан өзгеше! Ерекшелігі - ел сүйетін ескі әндерді жұрт жадысында қайта жаңғыртуында. Есімдері еріксіз ұмыт бола бастаған кейбір композиторлардың есімдерін ел есіне түсіруінде. Жыл ішінде шығармашылық ұжым 200-ге тарта хабар түсірді. 26 композитордың еңбегін ел назарына ұсынды. "Ән шырқайық!" өз кезегінде жекелеген әншілер мен өнер ұжымдарының да насихатталуына қосып жатқан үлесі ерен. Сондықтан, жылдық шараға шақырылғандар қуана-қуана келіп қайтты.       

Қайырымдылық концертінде әйгілі "Дәрібаевтар жанұялық ансамблі", Асылбек Тойлыбаев, Мәншүк Тұрсынғазина, Сәкен Жанғазин, Нұрбол Сәдуақас, Бағжай Ерғайып, Құралбек Нұрбек сынды бірқатар жас әншілер өнер көрсетті. Үлкен жобада үлкен сахнаға алғаш шыққандар да бар. "Ән шырқайық!" тұсауын кескен сәбидің бірі - Аружан Оралбай.       

Концерт барысында, бар ән жанды дауыста орындалды. Әр әнді залдағы көрермен әншілермен бірге шырқады. Жобаның шарты да сол! Көптен көппен ән сала алмай тығылып жүрген халыққа ән шырқату.

Қазақ қашаннан қайырымды. Тек, құлақтандырып, ұйымдастыра білсе болғаны... Кеш барысында Мансұр Жандосұлы мен Бижамал Еңсебаеваның еміне ақша ұсынғандар көп болды. Концерт соңынан келіп, әрбіріне 100 мың теңгеден ұстатып, есімін жарияламауды өтінген азамат та кездесті. Не айтары бар?! Концерттен жұрт жүзі бал-бұл жанып, асқақтайтай қайтты. "Қайырымдылық -адам жанының нұры" деген осы!
Дыбыстық қоспа...


Г.Мақұлжанова, Н.Хамзин, ЖТА.      

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.