Жемісті жыл, жеңісті жыл

25 января 2017
(7 голосов)

Өтіп бара жатқан жыл біздің телеарнамыз үшін де табысты болды. Жаңа жобалар қолға алынып, эфирдің көркін аша түсуде. Біздің мешін жылында жеткен жетістіктеріміз туралы тілшіміз Аяулым Сансызбаева тарқатады.  

АЯУЛЫМ САНСЫЗБАЕВА - ТІЛШІ
Жетісу телеарнасы үшін 2016 жыл сәттілікке толы болды. Яғни, жаңа ғимаратта, жаңа жобалар, заманауи  техникалар, зәулім студияда ток-шоу көрермен назарына ұсынылды. Мұндай мүмкіндіктерді осыдан бірнеше жыл бұрын елестету мүмкін емес еді. Олай болса өткен жылды қортындылап, келер жылдың жоспарларымен танысайық.

Жетісу телеарнасында қазыр апта сайын тұрақты 35 жоба бар.  Яғни, бағдарламалар, жаңалықтар, деректі фильмдерді қосқанда, 17 сағат хабар таратады. Жалпы телеарнада 150 астан қызметкер бар.

ГҮЛЖАН ҚЫЗАЙБАЕВА - ЖЕТІСУ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ
Бүгінде Жетісу телеарнасында 35 жоба бар. Бұл 35 жоба осындағы қызметкерлердің таза еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, 2016 жыл ел есінде тарихи даталарға толы жыл болды. Бұл жылда біз Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған бірнеше бағдарлама және Ұлтазаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған арнай хронологиялық циклды жасадық. Сонымен қатар,  қазір өздеріңіз студияда тұрғандай "Ән шырқайық" бағдарламасының студиясы.

ГҮЛЖАН ҚЫЗАЙБАЕВА - ЖЕТІСУ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ
Ән тарих деген арнайы жоба бар, бұл  бүгінгі таңда ең бір кенжелеп келе жатқан саланың бірі дәстүрлі ән, осы дәстүрлы әнді және дәстүрлі әншілерді таныту бағытындағы арнайы жоба бұл. Және қыз келіншектерге арналған Ақкербез бағдарламасын айтуға болады. Сонымен қатар, Жетісудің жайсаңдарына арналған "Жетісу жайсаңдары" хабары бар. Және де сараптамалық саяси "Тұжырым" бағдарламасы бар.  Жылдағы ең илкен жобаның бірі интелектуалды  бағдарлама. Бұл жерде облыстағы озат оқушылар бақ сынайды.

ГҮЛЖАН ҚЫЗАЙБАЕВА - ЖЕТІСУ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ
Биылғы жылы Жетісу телеарнасының қомақты еңбегінің бірі көркем фильмдер түсіре бастады. Бұйыртса келер жылдан бастап тарихи даталарға байланысты көркем фильмдарды көрермен  назарына ұсын боламыз.

АЯУЛЫМ САНСЫЗБАЕВА - ТІЛШІ
Келесі жылға қандай жоспарларыңыз бар? Көрермендерді немен таң қалдырмақшысыздар?

ГҮЛЖАН ҚЫЗАЙБАЕВА - ЖЕТІСУ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ
Келер жылға жоспарланған жобалар бар. Бұл енді көрермен үшін құпия болып қалсын.

Жаңалықтар бөліміндеде жаңашылдық көп. Яғни биылдан бастап жаңалықтардың уақыты 10 минутқа ұзартылып, жарты сағат көрерменге тың ақпараттар ұсынылып келді. Соның ішінде, шет елдегі іс-сапарды айта кеткен жөн. Мәселен Түркиядағы Қазақстан күндері аясында өткен мәдени шараға ....

САҒЫНЫШ НАМАЗШАНОВА - ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  
2016 жылы көрермен ретінде "Жетісу" телеарнасымен бірге болдым. Сондықтан "Жетісу" телеарнасының тыныс тіршілігі бет бейнесі, өзгерістері маған таныс деп айтуға болады. {(Жаңалықтар бөлімі) }Жаңалықтардың берілу стилі өзгерді. Жаңалықтарды жеткізу жылдамдығына леп қосылды деп айтуға болады.  Телеарна ұжымының 2016 жылғы еңбегін көрермен ретінде  жоғары бағалаймын. 2017 жылдада осы екпіннен таймай, бұданда мазмұнды, бұданда ауқымды, көрермендерге жақсы хабарлар мен жаңалықтар береді деген сенімдемін.

Жетісудың жетістігінің бірі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысының ең үздік 25 журналисі марапатталды. Олар облыс әкімі жүлдесіне жарияланған шығармашылық сайыста бірініші орынды жеңіп алғандар. Жүзден жүйрік шыққан "Жетісу" арнасының 15  қызметкері сый-құрметке бөленді.

Сонымен қатар, телеарна көрермендері енді эфирден өткен кез-келген уақытта жаңа сайтқа кіріп көре алады. ОTAU-TV спутниктік желісі арқылы Қазақстан, Ресей, Түркия, Иран, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттеріне, ID-TV кабельдік желісі арқылы Қазақстанға, сонымен қатар ALMA-TV мен Қайнар-TV арқылы Алматы облысының аумағына тарайды.  

АЯУЛЫМ САНСЫЗБАЕВА - ТІЛШІ
Міне 2016 жылдың телеарнадағы өзгерістермен таныс болдыңыздар. Арна ұжымының көрерменге дайындаған жаңа жобалары көп. Онымен келесі жылы 2017 жылы таныс боласыздар. Жаңа жыл жақсылыққа толы жыл болсын!
Аяулым Сансызбаева, Ғабит Қабдрахман, Нұржан Мұқанов ЖА Жаңа жылдарыңызбен!

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.