Жайнай бер, Талдықорған!

03 октября 2017
(0 голосов)

Жайнай бер, туған қалам, Талдықорған!  Бүгін Жетісудің бас шаһарында қала күні мерекесі тойланып жатыр. Бір айға жалғасқан шаралардың соңы үлкен мерекелік концертке ұласып, шаһар жұртшылығы Талдықорғанның соңғы жетістіктері таныстырылған көрмені тамашалады.

Алдымен, Талдықорған әкімі бастап, шаһардың дамуына ерен еңбек сіңірген құрметті азаматтар мен ардагерлер орталық мәдениет саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Ел тұтастығы мен халықтың тыныштығын қамтамасыз ету жолында мерт болғандарды еске алып, рухтарына тағзым етті.    

Мұнан соң қалың көпшілік орталық Жастар саябағына ойысты. Онда қала және облыс әкімінен бастап шаһар тұрғындарының барлығына Талдықорғанның сан-саладағы жетістіктері таныстырылды. Келген жұртшылық алдымен, білім беру мекемелері ұйымдастырған еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар көрмесін тамашалады. Өңірдегі білім саласының тың жаңалықтарын естіді. Одан бөлек, емдеу мекемелерінің заманға сай медициналық құрылғылары мен жаңа аппараттарын көрді. Әрі жылжымалы қан орталығы мен елімізде

Мереке аясында Талдықорғанда жасалынған деген атпен қаладағы ірі кәсіпорындар мен орта және шағын бизнес өкілдерінің де көрмесі өтті. Онда 20-ға жуық кәсіпорын өздері жасап шығарған құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия, азық-түлік өнімдерін қойған. Қала күні аясында қалың жұртшылық мектепке дейінгі және орта білім беретін мекемелердің жас жеткіншектері дайындаған көрмені де тамашалады. Сонымен қатар, өңірдегі ұлт аралық тұтастықтың тірегіне айналған облыстық ассамблеяның ұйымдастыруымен өткен көрме мен мерекелік қойылымның куәсі болды.

Бұл күні Талдықорғандағы ең үздік мұғалім, үздік участкелік инспектор, үлгілі үй, үздік аула күтушісі және ең үздік қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды. Барлығы бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен бірге, мерекеде 5 адамға Талдықорғанның құрметті азаматы атағы берілді. Қатарында: халық әлі күнге сүйіп көретін Тақиялы періште фильміндегі басты кейіпкері Тайлақты сомдаған Әлімғазы Райымбеков апқсақал мен белгілігі тележүргізуші, Жетісу арнасының директоры Бейсен Құранбек те бар.

Талдықорғандықтарды құттықтай келген Әлішер Кәрімов пен Зарина Омарова сынды  қазақ эстрадасының танымал әншілері әннен шашу шашты. Қала күніне арналған мерекелік шара кешкілік орталық саябақта жалғасып, жергілікті және танымал өнерпаздардың қатысуымен үлкен гала-концерт ұйымдастырылды.


Ербол Ілиясов Жасұлан Шынкенже Абзал Нүсіп Жетісу арнасы

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.