Super User

Super User

Эл. почта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Талдықорғанда Жекпе-жектен Азия чемпионаты басталды. Бұл жарыс жастармен ерлер арасында ұйымдастырылып отыр. Құрылықтық бәсекеге  100 ден аса спортшы қатысып жатыр.   

Азия чемпионатына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан мен  еліміздің кіл мықтылары жиналды. Спортшылар бұл  жарыста барын салып өнер көрсетпек. Өйткені, жеңімпаздар халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып қоймай, әлем біріншілігіне жолдама алады. Құрылықтық бәсекенің бас жүлдесінен үміткерлердің бірі  Айбол Ахметов. Ел біріншілігінің  3 мәрте жүлдегері жеңіс тұғырынан көрінсем дейді.  

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында партияның өткен он айда еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы аясында атқарған жұмысы қаралды.  Жыл басынан бері бас партияға 190 мың өтініш келіп түскен,  соның 96 пайызы оң шешімін тапқан. Партияның республикалық желілік кестесіне сай, жыл басынан бері 5 миллионнан астам адамды қамтыған 85 мыңға жуық іс-шара өткен. "Нұр отанның" мүшелері қазір млн. адамнан асқан. Әлеуметтік желілердегі жақтастары да көбейіпті. Мәселен,  Фейсбук парақшасындағы пікір білдірушілер саны 5,8 есеге артыпты.

Латын әліпбиі сыртта жүрген қазақтардың хат-хабар алмасуын жеңілдетеді. Жетісу жеріне шеттен көшіп келген қандастарымыз осындай пікір айтты.  Әр салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ азамат Талдықорғандағы тіл сарайында бас қосып, жазу реформасын талқылады.

Қытайдағы қазақтар бір кездері латын әліпбиін қолданған. Пәрменбек Жұмабайұлының оқушылық дәуірі сол кезеңге тұспа-тұс келіпті. Сондықтан, латынша оқып, еркін жаза алады. Ардагер ұстаз елімізде қаріп өзгерту бастамасы басталғанда төбесі көкке жеткендей қуанған. Өйткені, кирил әліпбиі қазақ тілінің дыбысталу яғни үндестік жүйесін жоғалтуға әкеп соққаны жанына әбден батқан.

Жетісу жұмбақтары әр дүйсенбі 21:00-де тамашалаңыздар..

Бүгін Талдықорғанда "Рухани жаңғыру" аллеясы ашылды. Политехникалық колледж ауласындағы бақ Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында  қолға алынды. "Туған жерге туыңды тік"  деп аталған акцияда оқушылар мен ұстаздар он түп алма ағашы отырғызып, алдына тақтайша орнатты. Мамандар  бұл шара  жастарды  достық пен  бауырмалдыққа және табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылды дейді.  Кездесуде мәңгілік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың рөліне баса назар аударылды. Басқосу соңы студенттердің  концерттік бағдарламасына ұласты.  Айта кетеу керек, политехникалық колледжде 1500ге жуық студент білім алып жатыр. 

Сүт безі обырына қарсы тегін тексерілу мүмкіндігі. Облыстық саламатты өмір салтын ұстану орталығы "Денсаулық" акциясын өткізді. Дәрігерлер шаһар тұрғындарын  №1 емхана мен Өтенай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда қабылдап, жан-жақты кеңес берді. Шара 21-қазан - дүниежүзілік сүт безі обыры туралы ақпараттандыру күніне орай ұйымдастырылды.  

Әлемде онкологиялық аурулар - өлім-жітімнің негізгі себебі болып тұр. Әсіресе, сүт безі обырынан, 2015-ші жылдың өзінде 600 мың әйел көз жұмған.  Осы бір аты жаман аурудың алдын алу мақсатында, саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті "Денсаулық" акциясын қолға алып отыр.  

Бүгін Талдықорғандағы ең үлкен қоғамдық монша отқа оранды. Қызыл жалын түске таман тұтанған, сол шақта "Ақ бастау"моншасының ішінде 10 ға жуық адам жуынып жатыпты. Қайта сол маңнан өтіп бара жатқан жергілікті полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп адамдарды сыртқа алып шыққан.

Моншадағы өрттің нақты неден шыққаны әлі белгісіз. Бірақ бір анығы қызыл жалын ғимараттың шатырынан тұтаныпты. Ал төтенше жағдай туралы хабарлама 102 нөміріне сағат 11-20 да келіп түскен. Содан өрт сөндірушілер "Ақ бастауға" қарай аттанған.

 Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Байкен Әшімовке 100 жыл. Осынау мерейтойға орай, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтті. Елбасының Рухани жаңғыру мақаласы аясында өткенімізді ұлықтап, жас буынға таныту мақсатында, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастырды

 Көзі тірісінде еліміздің абыз ақсақалы атанған Байкен Әшімовке арналған кеш, елім деген ердің өсиет-аманаты жазылған бейнефильммен ашылды. Салтанатты жиында мемлекет және қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолы ұлықталып, Парламент Сенаты мен Мәжіліс төрағалары және мемлекет хатшысының құттықтау хаттары оқылды. Есімі ел аузындағы тұлғамен қатарлас, қанаттас қызмет еткен ел ағалары Әшімовтің әділдігін, адамгершілігін, іскерлігін еске алды.

Страница 1 из 46

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.