Біз туралы

   «Жетісу» ­­­– ақпараттық – танымдық, отбасылық телеарна. Тәулігіне 17 сағат хабар таратады. Әр түрлі саланы қамтитын 40-тан астам төл бағдарламалары бар. ОTAU-TV спутниктік желісі арқылы Қазақстан, Ресей, Түркия, Иран, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттеріне, ID-TV кабельдік желісі арқылы Қазақстанға, сонымен қатар ALMA-TV мен Қайнар-TV арқылы Алматы облысының аумағына тарайды. 2015 жылдан бастап HD (16*9) форматына ауысты. 

   Талдықорған облысы таратылып, Алматы облысының құрамына енгеннен кейін сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетовтың ұсынысымен 1997 жылдың күзінде облыстық телеарна ашу идеясы туындады. «Жетісу» телеарнасының негізі 1999 жылы Алматы қаласында қаланды. Алғашқы ұйымдастырушысы және директоры болып Ермек Тұрсынов тағайындалды. Ал құрылтайшысы – Алматы облысының әкімдігі. Алматы облысының баспасөз орталығының негізінде құрылған телеарнаның эфирге шығатын жеке арнасы болмады. Сондықтан да арнаның шағын тобы дайындаған хабарлары «Қазақстан» ұлттық арнасының жанынан құрылған «Алатау» арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат шықты. 2001 жылдың күзінде Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына ауысуына орай телеарнаның шағын ұжымы да облыс орталығына көшті.

   2015 жылдың мамыр-маусым айларында «Жетісу» телеарнасы Алматы облысы әкімдігінің БАҚ өкілдеріне арнап салған «Журналистер үйі» ғимаратына көшті. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен телеарнаның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, ұжымға жаңа мамандар қосылды. Хабар тарату сапасы артып, көрермен назарына жаңа бағдарламалар ұсыныла бастады.

   Бүгінде «Жетісу» арнасының хабар тарату сапасы жақсарған, көрермендері күн санап артып келеді.

 

 

Байланыс

Координатор: 8 (7282) 41 09 39

Жаңалықтар: 8 (7282) 41 09 52

Жарнама: 41 09 47, 41 09 49

040000, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28.